Қажетті құжаттар

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның өкілі мыналарды ұсынады:

  • Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлік беруге өтініш:
  • Еркін таралмай пайдаланылатын бағдарламалық құралдарға лицензиялардың және/немесе сертификатардың көшірмелерін, сондай-ақ өзі әзірлеген жағдайда авторлық құқықты растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
  • Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған жағдайда ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар нәтижелері бойынша акттің электрондық көшірмесі;
  • Көрсетілетін қызметті алушы бекіткен көрсетілетін қызметті алушының модульдерінің (құрамбөліктерінің) өзара іс-қимылының схемасын және қолданылатын криптографиялық түрлендіру алгоритмдері туралы деректер және электрондық цифрлық қолтаңба үдерісін іске асыру жөніндегі басқа да бастапқы деректер (негізгі талаптар) мен жекелеген параметрлерге және куәландырушы орталыққа қойылатын талаптар бар электрондық цифрлық қолтаңба схемаларының электрондық көшірмесі;
  • Сериялық нөмірі, моделі, өндіруші туралы мәліметтерді қоса алғанда, негізгі және резервтік серверлердің, куәландырушы орталықтың негізгі криптографиялық кілттерін қорғаудың негізгі және резервтік аппараттық-бағдарламалық кешендерінің нақты орналасқан жері туралы электрондық түрдегі мәліметтер. бекітілген нормативтік-техникалық құжаттардың электрондық көшірмелері:
    • Көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық қауіпсіздік саясатын;
    • Көрсетілетін қызметті алушы қызметінің регламентін немесе қағидаларын;
    • Тіркеу куәліктерін қолдану саясатын;
    • Куәландырушы орталық туралы ережені;
    • Штаттан тыс, дағдарысты жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының атынан көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін сүйемелдеу, әкімшілендіру, шығару жөніндегі жұмыстарға тікелей қатысып, жұмыстарды жүзеге асыратын жұмыскерлердің іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
    • Көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық ресурстарын резервтік көшіру туралы нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
    • Көрсетілетін қызметті алушының бағдарламалық қамтылымын орнату және жөнге келтіру жөніндегі нұсқаулықты регламенттейтін бекітілген нормативтік-техникалық құжаттар тізбесінің электрондық көшірмесі;
    • ҚР СТ 1073-2007 “Ақпараттық криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар” бойынша қолданылатын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына сәйкестік сертификаттарының электрондық көшірмесі, осы көрсетілетін қызметті алушыда және оның пайдаланушылары қолданатын екінші деңгейден төмен емес.

Нәтиже

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі куәландырушы орталықты аккредиттеу және қағаз тасығышта куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап беру болып табылады.


Бағасы

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.


Мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушы 5-тармаққа сәйкес құжаттардың толық пакетін уәкілетті органға ұсынған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.

Комиссия тексеріс жүргізу үшін куәландырушы орталыққа қайта барған жағдайда өтініштерді қарау мерзімі отыз күнтiзбелiк күнге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады. Уәкілетті орган көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға мерзімнің ұзартылу себептері көрсетілген дәлелді хат жолдайды.

Шарттар

Куәландырушы орталықтың регламенті немесе ережесі куәландырушы орталық көрсететін барлық қызметті сипаттауы тиіс.

Тіркеу куәліктерін қолдану саясаты тіркеу куәлігінің қолданылу саласын, құрылымын және өмірлік циклын сиппатауы тиіс.

Байланыстар

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 55/14 С 2.4 блогы

Тел: +7 (7172) 649374.

Байланыстыратын тұлға: Абдиев Ерболат
Лауазымы: ҚР ЦДИАӨМ цифрлық шешімдер департаменті цифрлық сервистер басқармасының басшысы

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстан Республикасы:

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел, 55/14, ЭКСПО БО,С 2.2 блогы

Тел: +7 (7172) 70 16 65 вн.3108

Байланыстыратын тұлға: Калдыбеков Алгазы
Лауазымы: Ашық кілттер инфрақұрылымын сүйемелдеу және дамыту басқармасының басшысы