# #

Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу

  • «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі – Уәкілетті орган) мына мекенжай бойынша көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14 кіреберіс, № А757 кабинет.

  • Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі куәландырушы орталықты аккредиттеу және қағаз тасығышта куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап беру болып табылады.

  • Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушы  5-тармаққа сәйкес құжаттардың толық пакетін уәкілетті органға ұсынған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.

  •    Комиссия тексеріс жүргізу үшін куәландырушы орталыққа қайта барған жағдайда өтініштерді қарау мерзімі отыз күнтiзбелiк  күнге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға  қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады. Уәкілетті орган көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға мерзімнің ұзартылу себептері көрсетілген  дәлелді хат жолдайды;

  • Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  • Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның өкілі мыналарды ұсынады:

    • «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарттарының қосымшасына сәйкес аккредиттеу туралы куәлікті беруге өтініш;

    • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

    • еркін таратуға жатпайтын пайдаланылатын бағдарламалық құралдар лицензияларының және/немесе сертификаттарының көшірмелері, сондай-ақ өзі әзірлеген жағдайда авторлық құқығын растайтын құжаттар;

    • аккредиттелетін куәландырушы орталық мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған жағдайда,  куәландырушы орталықтың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасы аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі туралы аттестат;

    • куәландырушы орталық модульдерінің (компоненттерінің) және электрондық цифрлық қолтаңба схемаларының қолданылатын криптографиялық түрлендіру алгоритмдері туралы деректермен және электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру процесі мен  көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы бекіткен жекеленген параметрлер мен куәландырушы орталыққа қойылатын талаптарды іске асыру бойынша өзге де бастапқы деректермен (негізгі талаптармен) өзара іс-қимыл схемасы

    • мыналарды:

      • куәландырушы орталықтың ақпараттық қауіпсіздік саясатын;

      • куәландырушы орталық қызметінің регламентін немесе ережелерін;

      • тіркеу куәліктерін қолдану саясатын;

      • куәландырушы орталық туралы ережені;

      • сүйемелдеу, әкімшілендіру, штаттан тыс, дағдарысты жағдайларда куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін шығару бойынша жұмыстарға тікелей қатысатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының атынан жұмыстарды жүзеге асыратын  қызметкердің әрекеті бойынша нұсқаулықты;

      • куәландырушы орталықтың ақпараттық ресурстарының резервтік  көшірмесін жасау туралы нұқсаулықты;

      • куәландырушы орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етілуін орнату және күйге келтіру бойынша нұсқаулықты реттейтін бекітілген нормативтік-техникалық құжаттардың тізімі;

    • осы куәландырушы орталық және оның пайдаланушылары қолданатын ҚР СТ 1073-2007 бойынша пайдаланылатын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына сәйкестік сертификаты.

   Куәландырушы орталықтың регламенті немесе ережесі куәландырушы орталық көрсететін барлық қызметті сипаттауы тиіс.

   Тіркеу куәліктерін қолдану саясаты тіркеу куәлігінің қолданылу саласын, құрылымын және өмірлік циклын сиппатауы тиіс.